Баку
Azerbaijan /
Baki /
Baku /
World
/ Azerbaijan
/ Baki
/ Baku
Дүние жүзі /
қала, capital city of state/province/region (en), first-level administrative division (en), capital city of country (en), millionaire city (en)
Баку, Бақы (парсы іLӘџ kBM “бад кубе” — жел өтіндегі қала) — Әзербайжан Республикасының астанасы. Каспий тенізінің батыс жағалауында, Апшерон түбегінің оңтүстігінде орналасқан. Тұрғыны 2,06 млн. адам (2010 жылы). Бақу 3 ғасырдан белгілі; 12 ғасырдың 2-жартысына дейін Шируан мемлекетінің орталығы болған. 12 — 15 ғасырларда шығыс елдеріне мұнай шығаратын портқа айналды. 16 ғасырдың 80-жылдары қаланы Түркия басып алады. 1604 жылы Бақу қамалы Иран шаһы Аббас І-нің шапқыншылығынан қатты қирады. 1747 жылдан Баку хандығының орталығы. 1804 — 1813 жылы Ресей — Иран соғысы кезінде Ресейге қосылды (1806). 1920 жылдан Әзербайжан КСР-нің, 1991 жылдан Әзербайжан Республикасының астанасы. Бақудің климаты субтропикалық. Қаңтарда орташа температура 0—3ӘС, шілдеде 25ӘС. Бақу — көлік жолдарының ірі торабы. Қалада ірі порт, мұнай және табиғи газ өндіру, мұнай өңдеу, мұнай химиясы, химия, машина жасау (мұнай өндіру құрал-жабдықтары, прибор жасау, электрлік техника және радиоэлектроника, кеме жөндеу), жеңіл және тамақ өнеркәсібі, құрылыс материалдар өндірісі, т.б. өнеркәсіптер жақсы дамыған. 1967 жылдан метрополитен жұмыс істейді. Бақуде Әзербайжан республикасының мемлекеттік басқару органдары, Ғылыми Академиясының ғылыми мекемелері, ондаған жоғары және орта арнаулы оқу орындары, театрлар, 30-ға жуық музей (оның ішінде өнер, кілем, халықтық қолөнер музейлері) орналасқан. Орта ғасыр мәдениетінен қалған сәулет ескерткіштері Сыныққала минареті (11 ғасыр), Шируаншаһ сарайы (15 ғасыр), “Қыз мұнарасы” (12 ғасыр), Жұма мешіті, т.б. бар.
Wikipedia article: http://kk.wikipedia.org/wiki/Баку
Nearby cities:
Coordinates: 40°7'26"N 49°49'26"E
Array