Найманжал тауы

Kazakhstan / Pavlodar / Lebyazhye /
 Upload a photo

Найманжал — Едірей тауларының солтүстігіндегі тау тізбегі. Абсолюттік биіктігі 471 м. Солтүстік-батыстан оңтүстік-шығысқа қарай 13 км-ге созылып жатыр. Енді жері 3,5 км. Көтеріңкі келген солтүстік-батыс бөлігінің беткейлері біршама тіктеу келген, оңтүстік- шығысы (абс. биікт. 456 м) көлбеуленіп, далаға ұласады. Батысындағы тауалды жазығында бір топ тұзды көлдер жатыр. Беткейлері нашар тілімденген. Таудың қиыршықты қоңыр топырағында тобылғы, қараған, бетеге, боз, қау, т.б. астық тұқымдас шөптесіндер өседі.
Nearby cities:
Coordinates:   50°29'53"N   77°23'37"E
This article was last modified 3 жыл бұрын