Мыржық жотасы

Kazakhstan / Pavlodar / Koktobe /
 Upload a photo

Мыржық — Сарыарқаның солтүстік-шығыс бөлігіндегі жота. Солтүстік-батыстан оңтүстік-шығысқа қарай 60 км-ге созылып жатыр, енді жері 20 – 25 км. Түпкі жыныстары жер бетіне шығып жатыр. Беткейлері, өзен аңғарлары, сай-жыралармен тілімденген, толып жатқан жартасты қырқалар мен шоқылардан тұрады. Олардың арасындағы ең биігі – Егібай тауы (абс. биікт. 970 м). Оңтүстігінен Сарыөзеннің жоғарғы сол салалары, солтүстігінен Жіңішкебұлақ, т.б. өзендер бастау алады. Протерозой мен ордовиктің метаморфтанған шөгінділерінен, магмалық жыныстарынан түзілген. Таулық қоңыр топырағында бетеге, қылқан селеу, сұлыбас, бөрте жусан, суық жусан, өзен аңғарларында түрлі бұта, әр түрлі шөпті, бидайықты шалғын өседі, шатқалдарында қайың,тал, итмұрын, арша кездеседі.
Nearby cities:
Coordinates:   49°58'50"N   77°17'0"E
This article was last modified 3 жыл бұрын