Арқалық тауы

Kazakhstan / Qaragandy / Akzhal /
 Upload a photo

Арқалық — Қу тауының оңтүстік-шығысында 30 км жерде орналасқан тау. Ең биік жері 1064 м. Ащыөзек өзенін бойлай солтүстік-батыстан оңтүстік-шығысқа қарай 25 км-ге созылып жатыр. Енді жері 2-2,5 км-ге жетеді. Тауаралық аңғарлармен және жыра-сайлармен бөлінген жеке шоқылардан тұрады. Таудан көптеген бұлақтар бастау алады. Делювийлі-пролювийлі шөгінділер жапқан девон жыныстарынан түзілген. Аласатаулық қоңыр топырағында тобылғы,қараған, сұлыбас, бөрте жусан, қылқан селеу, бетеге өседі. Тау етегі қыста мал жайылымы ретінде пайдаланылады.
Nearby cities:
Coordinates:   49°29'27"N   76°45'46"E
This article was last modified 3 жыл бұрын