Кешубай таулары
Kazakhstan /
Qaragandy /
Karkaralinsk /
World
/ Kazakhstan
/ Qaragandy
/ Karkaralinsk
тау массиві
Add category
Кешубай, Көшубай – Сарыарқаның шығысындағы тау. Бойлық бағытта 50 км-ге доғаша иіле созылып жатыр, ені 20 км-дей. Тауаралық және өзен аңғарлары бөліп жатқан қырқалы, күмбезді, үшкіл төбелі, белесті, аласа тау тізбегінен тұрады. Абсолюттік биіктігі 1368 м. Биіктігі жағынан Сарыарқадағы Қызыларайдан (Ақсораң, биіктігі 1565 м) кейінгі екінші тау. Беткейлері мен етектерін аллювийлі-делювийлі шөгінділер жауып жатыр. Беткейлері сайлармен тілімденген. Төменгі тас көмір, орта және жоғары девон, пермь кезеңдерінің жыныстарынан түзілген. Аласатаулық қоңыр топырағында сұлыбас, бетеге, селеу, жусан, тағы басқа астық тұқымдас түрлі шөптесіндер өседі. Сайларында қараған, тобылғы, тал аралас қайың, қарағай бар. Батыс беткейінен Талды, солтүстігінен Түндік, шығысынан Ақтайлақ, Қазанғап, Сарықорық өзендерінің салалары бастау алады.
Wikipedia article: https://kk.wikipedia.org/wiki/Кешубай
Nearby cities:
Coordinates: 48°51'58"N 76°4'47"E
- Қоңыртемірші таулары 27 KM
- Сарықұлжа таулары. 1246 м. 56 KM
- Қарқаралы таулы-орманды алқабы. 95 KM
- Қу (Балқантау) таулары 117 KM
- Айыр таулары 160 KM
- Дегелең тауы 173 KM
- Апандыбұлақ таулары 180 KM
- Қызылтау таулары 181 KM
- Қаратау тауы 477 KM
- Саз тауы 643 KM
- Қоңыртемірші таулары 20 KM
- Қызыладыр тауы 65 KM
- Көкшетау таулары 74 KM
- Қошқар тауы 81 KM
- Қарақойтас тауы 86 KM
- Шұбарайғыр тауы 90 KM
- Көксеңгір тауы 159 KM
- Қызылтүлкілі тауы 192 KM
- Үлкен Күйкентай тауы 196 KM
- Қаражал тауы 214 KM