Бақты тауы

Kazakhstan / Qaragandy / Akzhal /
 Upload a photo

Абсолюттік биіктігі 1176 м (Ақтау тауы). Солтүстіктен оңтүстікке қарай 30 км-ге созылған, ені 15—17 км.Көптеген аласа таулар мен шоқылар тобынан тұрады. Орта және жоғары тас көмір гранитоидтерінен түзілген. Шығысынан Түндік өзені, батысынан Сарыбұлақ, сондай-ақ, жазда тартылып қалатын бірқатар кішігірім өзендер бастау алады. Беткейлері қызыл қоңыр топырақты. Онда қарағайлы сирек ормандар, арша, аңғарларында қайың, терек, жусан, бетеге, қылқан селеу, сұлыбас аралас қараған, тобылғы өседі.
Nearby cities:
Coordinates:   49°24'46"N   76°22'23"E
This article was last modified 3 жыл бұрын