Нұр-Сұлтан | қала, first-level administrative division (en), capital city of country (en)

Kazakhstan / Aqmola / Astana /
 қала, first-level administrative division (en), capital city of country (en)

Нұр-Сұлтан (бұрынғы атаулары: Ақмолинск, Целиноград, Ақмола, Астана) — Қазақстан Республикасының елордасы. Қалада 1 032 475 адам тұрады (1 қаңтар 2018). Қазір қаланың аумағы 710 км2 алып жатыр. Қала Қазақстанның орталық бөлігінің солтүстігінде Ақмола облысында, Есіл өзенінің алабындағы өзен маңы жазықтығында орналасқан.

Қазақстанның заманға лайық жаңа астанасын салу идеясы Мемлекеттің бірінші президенті Нұрсұлтан Назарбаевқа тиесілі. Елорданы Алматыдан Ақмолаға ауыстыру туралы шешімді Қазақстан Республикасы Жоғарғы Кеңесі 1994 жылы 6 шілдеде қабылдады. Астананы ресми көшіру 1997 жылғы 10 желтоқсанда жүзеге асты. Президенттің 1998 жылғы 6 мамырдағы Жарлығымен Ақмоланың атауы Астана болып өзгертілді. Жаңа астананың халықаралық тұсаукесері 1998 жылғы 10 маусымда өтті. 1999 жылы Астана ЮНЕСКО шешімімен «әлем қаласы» атағын алды. Қазақстанның бас қаласы 2000 жылдан бастап Астаналар мен ірі қалалардың халықаралық ассамблеясының мүшесі.

2019 жылы 20 наурызда Қазақстанның жаңа президенті Қасым-Жомарт Тоқаев қаланың атын экс-президент Н. Назарбаевтың құрметіне Нұр-Сұлтан деп өзгертуге бұйрық берді.

Google panoramas:
goo.gl/maps/J2AVhH2jzQpVt5ag8
goo.gl/maps/SGZgVxyjCivFGmtc6

Yandex panoramas:
yandex.ru/maps/-/CCU5bCRsSA
yandex.ru/maps/-/CCU5bCV7gB
Nearby cities:
Coordinates:   51°9'3"N   71°28'45"E