Семей | қала, capital city of state/province/region (en)

Kazakhstan / Sigis Kazakstan / Semey /
 қала, capital city of state/province/region (en)

Семей — Шығыс Қазақстан облысының батыс өңіріндегі екінші орындағы ірі қала болып табылады.
Тұрғыны 304 531 адам (2011). Ол Ертіс өзенінің екі жағасына орналасқан. Аумағы – селолық округтерді қосқанда 27,5 мың шаршы метр.Гринвичтен 500 ендік және 800 бойлық сызықтары қиылысында Семей қаласынан батысқа қарай 40 км. Дегелең тауында Евразия супер-құрылығының Географиялық орталығы анықталған.Өңір климаты ерекше географиялық орналасуымен ерекшеленеді, құрылықта, мұхиттардан барынша алыс орналасқан.
Аумақ арктикалық бассейнге ашылған, бірақ Азияның ең биік тау шыңдары оны Үнді мұхитының әсерінен оқшау қалдырған. Климатының шұғыл континентальдылығы жылдық және тәуліктік температуралардың жоғары амплитудасы салдарынан болып отыр. Қыста -45 – қа, жазда +45 –қа дейін жетеді.
Қала халқы 300 мың адамнан астам. Ертістің екі жағасында орналасқан Семей еліміздің ірі де әсем қалаларының бірі болып табылады, жергілікті тұрғындар ғана емес, Қазақстанның «рухани астанасының» қонақтары да осындай пікірде.Өнеркәсіп. 2011 жылдың қаңтар-маусым айларында қаланың өндірістік кәсіпорындарымен 49,3 млрд. теңге сомасына тауар өнімі өндірілді, бұл 2010 жылдың осындай кезеңіне қарағанда 15,3% артық.
Аграрлы секторда жалпы өнім көлемі 4 499,1 млн. теңгені немесе 2010 жылдың деңгейіне 101,7% құрады.
Ет өндірісі - 6,9%, сүт өндірісі - 2,0% артты.
Бөлшек тауарайналым көлемі 39,8 млрд. теңгені құрады және 2010 жылдың осындай кезеңімен салыстырғанда 15,3% артады, физикалық көлем индексі - 107%.
Шағын бизнестің белсенді кэсіпорындар саны 969 кәсіпорынға дейін немесе 2010 жылдың осындай кезеңіне 10,8% артты.
Негізгі капиталға инвестиция 11 316 млн.теңге сомасында немесе 2010 жылдың деңгейіне 116,1% игерілді.
16 мың ш.м. жеке тұрғын үй енгізілді, бұл 2010 жылдың деңгейінен 182% артық.
Жеке табыс көздері бойынша қала бюджеті 4 466,7 млн. теңге жоспар кезінде 4 518 млн. теңгеге немесе 101,1% орындалды.
Қосымша қорды қарастыру мақсатында, әкімдік пен қала бойынша салық басқармасының бірлескен іс-әрекет жоспар-кестесі бекітілді, оның нәтижесінде 378,5 млн. теңге анықталды, бюджетке нақты 338,7 млн. теңге түсті.
Бюджеттің шығыс бөлігі 10 458,3 млн. теңге жоспар кезінде 10 265 млн. теңге сомасында немесе 98,2% игерілді.
Еңбек нарығындағы жағдай. Халықты жұмыспен қамтуды арттыру үшін 2011 жылы Семей қаласының 2012-2015 жылдарға даму бағдарламасы, Жұмыспен қамту 2020 және Жол картасы бағдарламалары бойынша іс-шаралар қарастырылған.
Жұмысқа орналастыру мәселесі бойынша жүгінгендер қатарынан жұмысқа орналасқандардың үлесі 2011 жылдың қаңтар-маусым айларында 72,4% кұрады, бұл 2010 жылдың осындай кезеңіне қарағанда 8,8 пайыздық пунктке арттық.
2011 жылдың 1 шілдесіне жұмыссыздардың тіркелген саны 1518 адамға есептеліп, өткен жылдың деңгейінде қалды.
Ағымдағы жылдың бірінші жартыжылдығында аз қамтылған азаматтар саны 8,4% азайып, 4 581 адамды құрайды.
Ірі және орта кәсіпорындарда жұмыспен қамтылған қызметкерлердің орта айлық номиналды еңбек ақы төлемі 2011 жылдың қаңтар-маусым айларында 59 153 теңгені құрап 2010 жылдың осындай кезеңіне 13,5% артты.[4]
Nearby cities:
Coordinates:   50°24'40"N   80°16'55"E