Қарақуыс тауы

Kazakhstan / Pavlodar / Bayanaul /
 Upload a photo

Қарақуыс, Қарақұс — Қызылтау тауларының солтүстік-батысындағы оқшауланған тау. Абсолюттік биіктігі 764 м. Тау солтүстік-батыстан оңтүстік-шығысқа қарай 12 км-ге созылаған, енде жері 8-10 км. Жер қыртысы тас көмір, пермь кезеңдерінің граниттерінен түзілген. Беткейлері мен етегін төрттік кезеңінің делювийлі-пролювийлі шөгінділері жапқан. Беткейлері жартасты шағын сай, шатқалдармен тілденген. Қызғылт қоңыр топырағында қараған, арша, тобылғы аралас қылқан селеу, бетеге, жусан өседі.
Nearby cities:
Coordinates:   50°30'17"N   75°52'58"E
This article was last modified 3 жыл бұрын