Дегелең тауы

Kazakhstan / Sigis Kazakstan / Chagan /
 тау массиві  Add category

Дегелең – Сарыарқаның солтүстік-шығысындағы ұсақ шоқылы тау. Абсолюттік биіктігі 1084 м. Дөңгелене келген тауды Ұзынбұлақ өзені екіге бөледі. Таудың солтүстік бөлігі (Үлкен Дегелең) солтүстік-батыстан оңтүстік-шығысқа қарай 15 км-ге созылып жатыр, ені 10 км. Таудың екінші бөлігі – Кіші Дегелең қатарласа созылған, ені 5 км. Екі бөлігі де кезеңдермен (Қалыбай асуы), белдермен бөлінген үшкіл шоқылардан тұрады. Дегелең Еуразия құрлығының кіндік ортасында орналасқан. Оны білдіретін граниттен қашалған пирамида тұрғызылған Беткейлері сайлармен тілімденген. Тау етегі мен тауаралық аңғарларды қорымтас пен элювийлі-делювийлі ысырынды шөгінділер басып жатыр. Таудан көптеген бұлақтар басталады. Бұлақтардың қосылуынан пайда болған Ұзынбұлақ өзені шығысқа, Қарабұлақ өзені солтүстікке қарай ағады. Тау, негізінен, төменгі және орта девонның жыныстарынан түзілген. Таудың қызыл қоңыр топырағы мен тау етегінің қиыршықтасты қызыл қоңыр және ашық қызыл қоңыр топырағында дегелең, бөрте жусан, қылқан селеу, бетеге, көде, тобылғы, қараған, т.б. бұталар мен әр түрлі шөптер өседі.
Nearby cities:
Coordinates:   49°47'12"N   78°3'46"E
This article was last modified 10 ай бұрын