Қашырлы тауы

Kazakhstan / Qaragandy / Shubarkol /
 Upload a photo

Қашырлы – Желдіадыр тауларының солтүстік шығысындағы шоғырлар. Биіктігі - 528 метр. Солтүстік-батыстан, оңтүстік-шығысқа қарай 25 км-ге созылып жатыр, енді жері-5 км. Беткейі тіктеу, 10-нан астам тізбектелген шоқырлардан тұрады. Оңтүстік беткейіндегі таудың түпкі жыныстары жер бетіне шығып жатыр. Силур кезеңінің жыныстарынан түзілген. Қашырлы тауларының бойында Әбілда, Бижан, Қойтас және тағыда басқа қыстаулар орналасқан. Баурайындағы бұлақтардан Керей өзенінің салалары бастау алады. Бозғылт қоңыр топырағында жусан, бетеге, селеу, ажырық және тағыда басқа өсімдіктер өседі.
Nearby cities:
Coordinates:   49°48'46"N   68°44'53"E
This article was last modified 3 жыл бұрын