Кезеңшабдыра тауы

Kazakhstan / Aqmola / Egindykol /
 Upload a photo

Кезеңшабдыра, Кезеңшабыр – Мұзбел қыратының оңтүстік-батысындағы шоқылар. Абсолюттік биіктігі 422 м. Солтүстік-шығыстан оңтүстік-батысқа қарай 13 км-ге созылып жатыр, енді жері 5 км. Тіктеу келген беткейлері етегіндегі ұсақ шоқылар мен дөңді жазықтарға ұласады. Баурайындағы бұлақтардан Жаманкөң, Құланөтпес өзендерінің салалары бастау алады. Солтүстік беткейі Кезең шоқыларымен жалғасады. Пермь жүйесінің төменгі бөлімінің жыныстарынан түзілген. Бозғылт қоңыр топырақ жамылғысында бетеге, жусан, ажырық, шалғынды дала өсімдіктері өседі.
Nearby cities:
Coordinates:   50°3'24"N   69°49'32"E
This article was last modified 3 жыл бұрын