Қызылсеңгір тауы

Kazakhstan / Aqmola / Egindykol /
 Upload a photo

Қызылсеңгір – Теңіз көлінің оңтүстік-шығысындағы аласа тау. Абсолюттік биіктігі 410 м. Батыстан шығысқа қарай ендік бағытта 4 км-ге созылған, енді жері 1 км. Жонды-қырқалы келген белестерден тұрады. Батысында Қияқты өзені, солтүстік-шығысында Кезеңшабдыра шоқысы, оңтүстік-шығысында Шөленжол тауы, солтүстігінде өзімен аттас қыстау жатыр. Қызғылт қоңыр топырақ жамылғысында қоңырбас, итмұрын, тобылғы, қараған, жусан, бетеге, тағы басқа өсімдіктер өседі. Өңір мал жайылымына қолайлы, сондай-ақ батыс беткейі шабындыққа пайдаланылады.
Nearby cities:
Coordinates:   49°59'29"N   69°35'42"E
This article was last modified 3 жыл бұрын