Қарабұжыр тауы

Kazakhstan / Qaragandy / Shubarkol /
 Upload a photo

Қарабұжыр – Желдіадыр тауларының солтүстік-шығысындағы тау. Абсолюттік биіктігі 592 м. Батыстан шығысқа қарай ендік бағытта шамамен 7 км-ге созылған, енді жері 5 км. Беткейі көлбеу, солтүстік, оңтүстік бөктеріндегі таудың түпкі жыныстары жер бетіне шығып жатыр. Қарабұжыр тауының баурайындағы бұлақтардан Керей өзенінің салалары Барақбай, т.б. бастау алады. Карбонатты бозғылт қоңыр топырағында бетеге, селеу, боз, жусан, аңғарларда тал, көктерек, қараған аралас бұта өседі.
Nearby cities:
Coordinates:   49°29'10"N   68°27'6"E
This article was last modified 3 жыл бұрын