Сарышоқы тауы

Kazakhstan / Sigis Kazakstan / Karaul /
 Upload a photo

Сарышоқы – Ханшыңғыс жотасының оңтүстік бөлігіндегі тау сілемі. Абсолюттік биіктігі 1076 м. Солтүстіктен оңтүстікке қарай 4,5-5 км-ге созылған, енді жері 2,5 км шамасында. Солтүстік беткейі тіктеу, таудың түпкі жыныстары жалаңаштанған, етегінде қиыршықтас пен қорымтас үйінділері шоғырланған. Оңтүстік беткейінде көктерек, қайың шоғырлары аралас шалғын шөп өседі.
Nearby cities:
Coordinates:   48°51'45"N   78°58'40"E
This article was last modified 3 жыл бұрын