Қараағаш тауы

Kazakhstan / Sigis Kazakstan / Karaul /
 Upload a photo

Қараағаш – Шыңғыстау жотасының солтүстік-батысындағы тау. Абсолюттік биіктігі 1074 м. Солтүстіктен оңтүстікке қарай бойлық бағытта 9 км шамасында созылған, енді жері 4 км-ге жуық. Беткейлері тіктеу келген, өзен, сай-жыралармен тілімденген. Тау бөктеріндегі бұлақтардан Қарасу, Қарлыбұлақ өзендері бастау алады. Төменгі және орта палеогеннің жанартаутекті шөгінділерінен, тақтатас, конгломерат, т.б. тау жыныстарынан түзілген. Тауалдының қоңыр, бозғылт қоңыр топырағында жусан, бетеге аралас бұталар, терек, қарағаш, т.б. өседі.
Nearby cities:
Coordinates:   48°47'41"N   78°53'7"E
This article was last modified 3 жыл бұрын