Ақшатау жотасы

Kazakhstan / Sigis Kazakstan / Karaul /
 Upload a photo

Ақшатау жотасы – Сарыарқаның оңтүстік-шығысындағы жота. Солтүстік-батыстан оңтүстік-шығысқа қарай жалғаса созылып жатқан Қарақшы (биіктігі 1151 м), Жалтыртұмсық (биіктігі 1169 м), Қособа (биіктігі 1305 м) сияқты бірнеше жеке таулар мен шоқылар тізбегінен тұрады. Оларды Арсалаң, Ақшатау өзендерінің аңғарлары бөліп жатыр. Жотаның оңтүстік-батыс беткейі тіктеу, жартасты, биіктігі 1300 м-ден 1000 м-ге дейін күрт төмендейді. Солтүстік-шығыс беткейі еңістеу, бірте-бірте көлбеуленіп жазыққа айналады. Жота палеозойдың кварцит, құмтас, әктас, конгломерат, эффузивті жыныстарынан құралған. Жалпақ төбелері мен беткейлерінің қоңыр топырағында далалық өсімдіктер (қараған, тобылғы, тасжарған, т.б. бұталар) өседі. Сайларында шоқ қайың, көктерек, тал өседі.
Nearby cities:
Coordinates:   48°21'3"N   79°23'18"E
This article was last modified 4 жыл бұрын