Кетпен жотасы

Kazakhstan / Atyrau / Koshkar /
 Upload a photo

Тәңір тауы жүйесінің солтүстік доғасына кіретін жота. Жоталар Алматы облысы Ұйғыр және Райымбек аудандарының және Қазақстан Республикасы мен Қытай Халық Республикасының аумағында орналасқан. Жотаның солтүстік беткейлері Іле аңғарына өтеді. Қазақстандағы жотаның ұзындығы - 160 км. Жотаның жалпы ұзындығы - 310 км. Жотаның мұздану мен қар үәінділері жоқ, бірақ мәңгілік мұздану аймағы бар. Жота шыңдары тегіс және кең. Кетмен асуы теңіз деңгейінен 3040 метр биіктікте және тау сілемінің шығыс бөлігінде орналасқан. Тау жоталары қар сызығынан төмен жатқандықтан мұздықтар кездеспейді. Кетпен жотасының бастары үстірт тәріздес тегіс болып келеді. Үстімен соқпақ жолдар, көлік жолдары өтеді. Жота өзен аңғарларымен, терең әрі тік шатқалдармен қатты тілімденген. Солтүстікке, Іле аңғарына қарай, Бедеті, Сүндетсай, Дардамты, Долатысай, Үлкенсай, Үлкен Ақсу, Кіші Ақсу, Шошасынсай, Темірлік өзендері, ал оңтүстікке қарай Сатылыхасан, Шұбырмахасан, Шалкөдесу, Қисықақтас, Шолақ өзендері бастау алады.
Nearby cities:
Coordinates:   43°15'56"N   79°57'16"E
This article was last modified 2 жыл бұрын