Қонысбай тауы

Kazakhstan / Qaragandy / Kayrakty /
 Upload a photo

Қонысбай - Жақсы Тағылы тауларының оңтүстігіндегі тау. Абсолюттік биіктігі 1033 м. Солтүстік-шығыстан оңтүстік-батысқа қарай 5 км-ге созылған, енді жері 2 км. Девон мен тас көмірдің альбитофир, порфирит жыныстарынан түзілген. Беткейлері сай-жыралармен тілімделген. Етегіндегі тік жартастардың биіктігі 7 м-ге жетеді. Оңтүстік беткейінен Айса өзені бастау алады. Қиыршықтасты қызғылт топырағында қараған, тобылығы аралас бетегелі-бозды дала өсімдіктері өседі. Баурайы мал жайылымына қолайлы.
Nearby cities:
Coordinates:   48°30'29"N   72°57'41"E
This article was last modified 3 жыл бұрын