Қоңыржал жотасы

Kazakhstan / Qaragandy / Zhezkazgan /
 Upload a photo

Қоңыржал — Басқағыл тауларының шығысындағы жота. Абсолюттік биіктігі 517 м. Батыстан солтүстік-шығысқа қарай доға тәріздес созылған бірнеше шоқылардан тұрады. Ұзындығы шамамен 30 км шамасында, енді жері 2-3 км. Жер қыртысы девон, силур кезеңдерінің шөгінділерінен түзілген. Тізбектелген жонды-қырқалы шоқылардың аңғарлары құрғақ өзен арналарымен тілімденген. Карбонатты қоңыр топырақ жамылғысында бұта араласы жусан, боз, селеу, қозықұлақ, қылқұрт өседі. Қоңыржалдың оңтүстігінде 21 км жерде өзімен аттас тау орналасқан.
Nearby cities:
Coordinates:   48°22'32"N   68°10'58"E
This article was last modified 3 жыл бұрын