Сарытау тауы

Kazakhstan / Sigis Kazakstan / Zhangiztobe /
 Upload a photo

Сарытау – Қалба жотасының қиыр оңтүстігіндегі тау сілемі. Абсолюттік биіктігі 1100 м. Бірнеше жеке таулардан тұратын күрделі пішінді тау тізбектері солтүстік-батыстан оңтүстік-шығысқа қарай 22 км-ге, енді жері 8-10 км-ге созылған. Сарытау оңтүстік-шығысқа қарай біртіндеп аласарып Көкпекті өзенінің жоғарғы аңғарында 860 м-ге дейін төмендейді. Бірнеше шоқылы таулардан тұрады. Жер бедері күмбезді-жартасты жақпартастардан тұрады. Таудың беткейлері өзен арналарымен, сай-жыралармен қатты тілімденген. Палеозой дəуірінің каледон тау жаралу кезіндегі Нарын синклинорийінің ультранегізді тау жыныстарынан тұрады.
Nearby cities:
Coordinates:   48°36'44"N   81°0'11"E
This article was last modified 4 жыл бұрын