Сарытолағай тауы

Kazakhstan / Sigis Kazakstan / Zaysan /
 Upload a photo

Сарытолағай – Сауыр жотасының солтүстік бөлігіндегі тау сілемі. Абсолюттік биіктігі 2594 м. Солтүстік-шығыстан оңтүстікке қарай 8 км-ге созылған, енді жері 5 км. Беткейлері тік. Ақкезең, Қараүңгір өзендері басқа таулардан бөліп жатыр. Солтүстігінде Сайқын жотасы, оңтүстігінде Салық тауымен шектеседі. Солтүстік беткейін 800–1800 м биіктікте қылқан жапырақты орман көмкерген. 2000 м-ден жоғары биіктікте альпі шалғыны басым. Етегіндегі Қосаша, Мəңке қыстаулары маңында дала өсімдіктері өседі.
Nearby cities:
Coordinates:   47°16'5"N   85°33'30"E
This article was last modified 4 жыл бұрын