Жақсы Жалғызтау көлі

Kazakhstan / Aqmola / Shantobe /
 Upload a photo

Жақсы Жалғызтау — Есіл алабындағы тұщы көл. Теңіз деңгейінен 358 м жоғары орналасқан. Ұзындығы 8,8 км, ені 8 км, орташа тереңдігі 10,3 м, аумағы 43,2 км2. Cуының көлемі 368 млн. м3. Су беті ашық, солтүстік-батыс жағалау бойымен онша жалпақ емес (50 метрге дейін) қамыс шоғыры созылған. Түбі тығыз, құмды-қиыршық тасты. Жауын-шашын және жер асты суымен толысады. Қараша -сәуір айлары аралығында мұз қатады. Көлге Қарасу өзені тек көктемде және жаздың басында ғана құяды.
Nearby cities:
Coordinates:   52°37'7"N   68°9'39"E
This article was last modified 5 жыл бұрын