Қызылкөл көлі

Kazakhstan / Taraz / Zhanatas /
 Upload a photo

Қызылкөл – Ақжар көлдерінің оңтүстігіндегі тұзды көл.Теңіз деңгейінен 331 м биіктікте жатыр. Ауданы 16,2 км2, ұзындығы 6,1 км, ені 2,8 км, тереңдігі 10 м. Жағалық сызығының ұзындығы 18,6 км. Солтүстік және шығыс жағалауы жатық, батысы мен оңтүстігі тік жарлы. Оңтүстік-шығыс жағалауының биіктігі 50 м, шығысы, солтүстік-шығысы еңіс. Суы тұзды, су көлемі 60,4 млн. м3. Көктемде батысынан ағып өтетін Үшбас өзенінің деңгейі көтеріліп, бір саласы көлге құяды. Жазда өзен арнасы көл суынан бөлінеді. Көл алабы шабындық, малға жайылым. Жағалауында қыстаулар орналасқан. Емдік шипасы бар. Қызылкөлдің солтүстігінде демалыс үйлері бар.
Nearby cities:
Coordinates:   43°44'58"N   69°29'36"E
This article was last modified 3 жыл бұрын