Wikimapia is a multilingual open-content collaborative map, where anyone can create place tags and share their knowledge.

Сорбұлақ көлі

Kazakhstan / Almaty / Boralday /

Сорбұлақ — Күрті жəне Қаскелең өзендері суайрығындағы тұндырма көл.
Алматы облысы Іле ауданының батысында, теңіз деңгейінен 622 м биіктікте жатыр. Аумағы 55 км², ұзындығы 33 км, енді жері 10 км, жағалау бойының ұзындығы 66 км-ге жуық, ең терең жері 22 м, жылына 1 млн. м³-ге дейін су қабылдай алады. Шөккен тұнбаның қалыңдығы 1,5 м. Суының құрамында темір 1400 т, мыс 42,1 т, мырыш 26,2 т, қорғасын 28,9 т, кадмий 26,9 т. Бойлық бағытта созылып жатқан Сорбұлаққа оңтүстігінен Қаскелең өзенінің бір тармағы құяды. Жағалау бойында қамыс өскен. Көлді биіктігі 10–15 м болатын құм төбелер қоршап жатыр.
Nearby cities:
Coordinates:   43°41'8"N   76°35'21"E
This article was last modified 4 жыл бұрын