Алакөл көлі
Kazakhstan /
Sigis Kazakstan /
Urdzhar /
World
/ Kazakhstan
/ Sigis Kazakstan
/ Urdzhar
Дүние жүзі / Қазақстан / Алматы
көл, salt lake (en)
Алакөл - Балқаш-Алакөл қазаншұңқырының шығысында, Алматы және Шығыс Қазақстан облыстары шекарасының қиылысында және Балқаш-Алакөл жазығында орналасқан ағынсыз тұзды көл. ХІІ және ХІХ ғасырлар арасында оның бірнеше атауы болған: Түрге - Нұр (моңғол тілінен аударғанда «көпір-көл»), Алақтакөл, Алатеңіз, Алақта. Көлге 15 өзен құяды, олардың ішінде негізгілері - Үржар, Қатынсу, Емелқұйса, Ырғайты, Жаманаткөл, Тасты. Алакөл - өте келбетті, табиғи рельефі сұлу қазаншұқырға жатады. Оған батыс жағалауындағы Тоқта тауы, шығысындағы Барлық жотасы, түстік шығысындағы Жоңғар Алатауы, сол жағындағы мұнартқан Тарбағатай жотасы, сондай-ақ, жергілікті жұрт «Арал төбе» атайтын ортасындағы аралдар айрықша әр береді.
Жалпы, Алакөл - емдік қасиеті өте мол ағынсыз су қоймасы. Мұндағы Арқаның қуаң даласындағы құрғақ ауа теңіз бетіндегі дымқыл ауамен араласып жағасындағы адамға жағымды әсер береді. Көл суы да минералды ресурстарға, йодқа, тұзға, химиялық элементтерге бай болғандықтан, судың денсаулыққа пайдасы меицинада дәлелденген. Бір замандарда Жібек жолының керуендері де көл жағасын басып өткендіктен, оның суы мен ауасы ұзақ жолдан науқас меңдеген адамдардың денсаулығын құр аттай қылып, емдеп жіберетіндігі ерте кезден байқалған. Кеңес кезінде Алакөлде Ғарышкерлер үйі жұмыс істеді. Онда тек кеңестік ғарышкерлер ғана емес, басқа капиталистік алпауыт елдердің де көктен оралған ұшқыштары бойындағы радиациядан осы көлде демалу арқылы арылатын. Көл жағасы құстар мен өсімдік дүниесіне бай. Алакөл фитопланктоны құрамында балдырдың 58 түрі, зоопланктонның 80 түрі бар. Балыққа бай (алабұға, шармай, көксерке, көкбас, сазан т.б.). Аққу, қаз, үйрек, балықшы, бірқазан т.б. құстар, қамыс арасында теңбіл мысық, өзен сағаларында ондатр кездеседі. Жағалауы – шабындық және жайылым. Алакөл – ағынсыз тұзды көл. ХІІ және ХІХ ғасырлар арасында оның бірнеше атауы болған: Түрге - Нұр ( моңғол тілінен аударғанда «көпір-көл»), Алақтакөл, Алатеңіз, Алақта. Жоңғар қақпасының аузында, Жоңғар Алатауы мен Тарбағатай тауларының арасында тербеліп жатқан Алакөл суының емдік қасиеті туралы көпшілік біле бермейді.

Nearby cities:
Coordinates: 46°5'50"N 81°44'59"E
- Су қоймасы 79 KM
- Қасқабұлақ көлі 206 KM
- Тоған 218 KM
- Қызылағаш бөгені 249 KM
- Жайсан көлі 261 KM
- Марқакөл 416 KM
- Арал Үлкен-Аралтөбе 10 KM
- Қатынсу өзенінің сағасы 35 KM
- Шағантоғай өзені сағасы 37 KM
- Қазақстан қарулы күштер отряды 77 KM
- Ұлы жеңіс паркі 79 KM
- Саябақ 79 KM
- Далалық диірмен 84 KM
- Далалық диірмен 85 KM
- Корпебай жотасы 90 KM
- Ақшоқы 126 KM