Ұлы Жыланшық өзені сағасы

Kazakhstan / Pavlodar / Shoptykol /
 өзен сағасы  Add category
 Upload a photo

Ұзындығы 426 км. Су жиналатын алабы 2600 км2. Сарыарқаның оңтүстік-батыс шетіндегі Ұлытау таулы массивінің теңіз деңгейінен 750 м биіктігінен басталып, Ақкөл көліне (еңістігі 65 м) құяды. Жоғарғы ағысында кристалды тақтатастарды кесіп, тік жарлы, тар аңғармен ағады. Тілімделген өзен аңғары беткейлерінде түпкілікті тау жыныстары жалаңаштанып ашылған. Орта ағысында (Қостанай облысы жерінде) өзен жазыққа шығады, аңғары кеңейіп 5 — 10 км-ге жетеді. Оң жақ беткейі тік жарлы (15 — 25 км), терең, тар сайлармен күшті тілімделген. Өзен аңғары негізінен кайнозойдың әр түсті сазды және саздақты тау жыныстарынан түзілген.
Nearby cities:
Coordinates:   48°51'14"N   63°46'52"E
This article was last modified 2 жыл бұрын