Сарманқожа құмы

Kazakhstan / Akmechet / Dzhusaly /
 Upload a photo

Сарманқожа – Арал маңы Қарақұмының солтүстік-шығыс бөлігіндегі құмды алқап. Ең биік жері 130 м шамасында. Солтүстік-батыстан оңтүстік-шығысқа қарай 15 км-ге созылған, енді жері 5 км. Ұялы төбелерден, белесті құм жалдардан тұрады. Жер асты суларының жоғарғы деңгейі 2-3 м тереңдікте кездеседі. Солтүстігінде Ботабайқұм, оңтүстігінде Қосалбай, шығысында Ақсақалбелгі құмдары бар. Сусыма құм мен сортаң аралас қоңыр топырақ жамылғысында еркек шөп, жусан, ақ селеу, жүзгін, қияқ, шағыр, т.б. өсімдіктер өседі.
Nearby cities:
Coordinates:   47°17'49"N   64°1'20"E
This article was last modified 3 жыл бұрын