Қарабұжыр тауы

Kazakhstan / Sigis Kazakstan / Boke /
 Upload a photo

Қарабұжыр – Сарыжал жотасының солтүстігіндегі шоқылы тау. Абсолюттік биіктігі 652 м. Солтүстік-шығыстан оңтүстікке қарай доға тәрізденіп 5 – 6 км-ге созылып жатыр, енді жері 2 км шамасында. Беткейі кедір-бұдырлы бірнеше ұсақ шоқылардан тұрады. Солтүстігінде Шар бөгені, етегінде көптеген қыстаулар орналасқан. Қоңыр топырақ жамылғысында далаға тән өсімдіктер өседі. Мал жайылымына пайдаланылады.
Nearby cities:
Coordinates:   49°11'28"N   81°47'6"E
This article was last modified 3 жыл бұрын