Қойтас тауы

Kazakhstan / Aqmola / Bestobe /
 Upload a photo

Қойтас - Ақмола облысы Ерейментау ауданының шығысындағы ұсақ шоқылық тау. Абсолюттік биіктігі 291 м. Сілеті және Өлеңті өзендерінің аралығында жатқан тау солтүстік-шығыстан оңтүстік-батысқа қарай 17-20 км-ге созылған, ені 5 км-ге жетеді. Сай, өзектермен тілімденген беткейлері көлбеу келген. Батысы мен солтүстігінде көлдер жиі кездеседі. Олардың басым бөлігінде қамыс, құрақ өскен. Кейбір телімдерде батпақты сор жерлер кездеседі. Оңтүстігімен Қатпа, Ұзыншілік өзендері ағып өтеді. Таудың солтүстік беткейінде 3 және 8 м-лік жартастар мен құздар бар. Оларды жыралар мен шайылмалар тілімдеген. Жер қырытысы орта девон кезеңінің тау жыныстарынан түзілген. Оның бетін қиыршықтасты-кесектасты элювийлі-делювийлі шөгінділер жапқан. Нашар дамыған қызғылт қоңыр топырағында сұлыбасты-қылқан бозды дала өсімдіктері, сай мен өзектерде қараған шоқылары өскен.
Nearby cities:
Coordinates:   52°7'31"N   73°35'53"E
This article was last modified 3 жыл бұрын