Медеу спорт кешені (Алматы)

Kazakhstan / Almaty / Алматы / ул. Керей-Жанибек хандар, 465
 ice rink (en), sports complex (en), 1972_construction (en), tourist attraction (en)

Медеу спорт кешені — жасанды мұз айдыны бар дүние жүзіндегі ең ірі спорт кешені. Алматы қаласынан 18 км жерде, Кіші Алматы шатқалында, теңіз деңгейінен 1691,2 м биікте орналасқан.

Табиғи мұз айдыны ретінде 1951 ж. пайдаланыла бастады. Медеу спорт кешені 1972 ж. тұрғызылды. Құрылысқа қатысқан архитекторлар: В. З. Кацевке, А. С. Қайнарбаевқа инженер С. Б. Матвеевке, тағыда басқа. (барлығы 10 адам) 1975 ж. КСРО Мемлекеттік сыйлығы берілді.
Конькишілерге арналған жасанды мұз айдынының ауданы 10,5 мың м. Жарыс жолының ені 5 м, айналымы 400 м. Айдынның ортаңғы бөлігі – хоккей ойынына және мәнерлеп сырғанауға арналған. 12,5 мың орындық кешенде 2 жүзу бассейні, спорт залы, қонақүй, асхана, кинозал, кітапхана және баспасөз орт. орналасқан. Жасанды мұз айдынының астыңғы жағындағы биікт. 2,3 м 20 түрлі материал қабатты орасан зор темір бетон тақтаның үстіне орналастырылған.

Әлемдегі 150-ден аса үздік спорттық рекордтар бұл мұз айдынына туғаны баршаға мәлім. Медеуде өткізілген ұлы чемпионаттарының соңғы - 1988 жылындағы Халықаралық Еркектер Конькимен Тез Жүгіру чемпионаты болған
Nearby cities:
Coordinates:   43°9'27"N   77°3'33"E
This article was last modified 5 ай бұрын