Майсор көлі

Kazakhstan / Pavlodar / Shiderty /
 Upload a photo

Майсор — Шідерті алабындағы көл. Теңіз деңгейінен 262 м биіктікте жатыр. Аумағы 7,2 км2, су жиналатын алабы 522 км2, ұзындығы 5 км, енді жері 2,3 км, жағалау бойының ұзындығы 11,3 км. Жағалауы жазық, шығыс және батыс бөлігінде қамыс өскен. Көлге оңтүстігінен көктем айларында Құржаман өзені құяды. Қар, жауын-шашын және жер асты суларымен толысады. Шарасында жыл бойы су болады. Қараша айының 2-жартысында суы қатып, сәуірдің 2-жартысында ериді. Жағалауы шабындыққа пайдаланылады.
Nearby cities:
Coordinates:   51°29'59"N   74°40'4"E
This article was last modified 3 жыл бұрын