Балықтыкөл көлі

Kazakhstan / Aqmola / Astrakhanka /
 Upload a photo

Балықтыкөл — Есіл алабындағы көл. Аумағы 18,3 км2. Тереңдігі 1,7-2,3 м. Су жиналатын алабы 478 км2. Жағалары тік, биіктігі 3-4 м, тек солтүстік жағасы жазық. Түбі тұнба балшықты (қалыңдығы 0,1-0,8 м), оңтүстік құмдақ. Көл ағынды, оған 3 жылға құйып, бір өзен ағып шығады. Қар және жер асты суымен толысады. Қарашаның басында қатып, сәуір айында мұзы ериді. Суы тұщы, ауыз су ретінде пайдалануға жарамды. Жағалауындағы қалың қамыс жергілікті шаруашылық қажетіне, ал көл құс өсіруге, балық аулауға пайдаланылады.
Nearby cities:
Coordinates:   51°42'35"N   70°9'53"E
This article was last modified 4 жыл бұрын