Құмдыкөл көлі

Kazakhstan / Qaragandy / Kievka /
 көл, salt lake (en)

Кұмдыкөл – Нұра өзені алабындағы көл. Көлемі 10,5 км2, ұзындығы 5,1 км, енді жері 1,3 км. Тереңдігі 0,7 м, су жиналатын алабының аумағы 299 км2. Жағалауы көбіне жатық; тек оңтүстігінде 3 км, солтүстігінде 2 км-дей, жағасы жарлы (биіктігі 1-2 м). Түбі тегіс, лайлы. Суы тұзды. Тайыз жерлерінде қамыс пен құрақ өседі. Көлге Қарасу өзені (ұзындығы 16 км) құяды. Көктемде еріген қар және жер асты суларымен толығады. Көл жағалауларын мал жайылымына және пішендік жер ретінде пайдаланады.
Nearby cities:
Coordinates:   50°32'7"N   70°43'36"E
This article was last modified 4 жыл бұрын