Сарықұлжа тауы

Kazakhstan / Qaragandy / Konyrat /

Сарықұлжа – Бектауата тауларының солтүстік-батысындағы тау. Абсолюттік биіктігі 1082 м. Күрделі пішінді тау бойлық бағытта 8 кмге созылған, енді жері 5,5 км. Беткейлері тік жартасты. Оңтүстік-шығысында 3 км жердегі Бектауата тауларында Бектауата үңгірі орналасқан. Жер қыртысы жоғарғы палеозойдың қызғылт гранит, гранодиориттерінен түзілген. Оның бетін делювийлі-пролювийлі шөгінділер жапқан. Тау етегінің қиыршықтасты қоңыр, сұрғылт топырағында қара баялыш, жусан, тасбұйырғын басым қуаң шөлейт далаға тəн өсімдіктер өскен. Баурайы мал жайылымына пайдаланылады.
Nearby cities:
Coordinates:   47°27'52"N   74°46'49"E
This article was last modified 3 жыл бұрын