Федоровка бөгені (Қарағанды)

Kazakhstan / Qaragandy / Aktas / Қарағанды
 су қоймасы  Add category

Федоровка бөгені — Қарағанды қаласындағы бөген. Бұрынғы Михайловка кенішінің кемірден босаған қабатын Соқыр өзенінің суымен толтыру нәтижесінде жасалған. Су толтыру 1966 жылы басталды, қалыпты деңгейіне 1969 жылы жетті. 1981 жылы Шерубай-Нұра өзенінің алабында ұзақ уақыт бөйына созылған төменгі деңгейге байланысты Ертіс-Қарағанды каналынан су алатын Жартас бөгені қазылды. Каналдан су насос станциясы арқылы беріледі. Бөгеннің толық көлемі 83 млн м3, су айдынының ауданы 432 га, ұзындығы 4,1 км, өндірек жері 2,2 км. Жағалауының ұзындығы 12 км, ең терең жері 70 м-ге жуық. Мұзының қалындығы қыста 1 м-ге жетеді. Суы тұщы (минералдылығы 1 г/л), аздап кермек, сілтілігі шамалы.
Nearby cities:
Coordinates:   49°45'35"N   73°5'24"E
This article was last modified 5 жыл бұрын