Бурабай ұлттық паркі

Kazakhstan / Soltustik Kazakstan / Shuchinsk /
 орман, nature conservation park / area (en), national park (en)

Ақмола облысының Бурабай ауданында орналасқан. 2000 жылы ұйымдастырылған. Саябаққа Қазақ ұсақ шоқылы аймағының (Сарыарқаның) солтүстік-батыс бөлігіндегі Көкшетау қыратының шығыс бөлігінде орналасқан Бурабай таулы орман сілемі кіреді. Жер аумағы 83,5 мың га. Саябақ орналасқан аймақта ауа райы континенттік, қысы суық әрі ұзақ, ал жазы қысқа, ыстық. Қаңтардың орташа температурасы –16,7°С, шілдеде –18,6°С. Бурабай сілемдерінде Бурабай, Шортанды, Қатаркөл, Үлкен және Кіші Шабақты, т.б. табиғаты әсем көлдер көп. Мұндағы көлдердің суы негізінен тұщы. Саябақ аумағында шағын өзендер мен жылғалар да бар. Бурабай орман сілемінде қылқан жапырақты және аралас жапырақты қалдық ормандар плейстоцен дәуірінен бері сақталып келеді.
Nearby cities:
Coordinates:   53°0'2"N   70°22'33"E
This article was last modified 12 жыл бұрын