"Шабыт" шығармашылық сарайы (Астана)

Kazakhstan / Aqmola / Astana / Астана / Тәуелсіздік ​даңғылы, 50
 community centre / hall (en), 2009_construction (en)

«Шабыт» шығармашылық сарайы — Астананың жаңа әкімшілік орталығында, Есіл өзенінің оң жағалауында, Конгресс-холл ғимаратының жанында орналасқан заманауи мәдени нысан.
Бұл сарайда көрермен орындары бар спорт залдары мен жаттығу бөлмелері, 378 орынға арналған әмбебап концерт залы, көрме кешендері, музыкалық мектеп, репетициялық сыныптар, кітапхана, композиторлар мен суретшілердің шығармашылық одақтарының кабинеттері, хореография залы мен «Өнер» мектебінің жеті сыныбы, балалар кинематография мектебі, сахналық өнер мектебі, жас зерттеушілер мектебі, «Nomad» арт-орталығы, журналистер, сәулетшілер және дизайнерлердің шығармашылық бірлестіктері орналасқан. Сондай-ақ келушілер үшін кафе, буфеттер, әкімшілік бөлмелер мен конференц-залдар қарастырылған.
«Шабыт» шығармашылық сарайы — бүкіл Қазақстанның өнерпаздарын бір шаңырақ астына тоғыстырған ірі әрі бірегей шығармашылық орталық
Nearby cities:
Coordinates:   51°7'22"N   71°28'22"E
This article was last modified 24 күн бұрын