Киров бөгені

Kazakhstan / Batis Kazakstan / Oral /
 су қоймасы  Add category
 Upload a photo

Киров бөгені — Жайық алабындағы бөген. Батыс Қазақстан облысының Ақжайық және Бәйтерек аудандары жерінде, Көшім өзені бойында орналасқан. 1967 жылы шабындық және мал жайылымын суландыру мақсатында іске қосылған.
Ауданы 39,1 км², ұзындығы 21,6 км, ені 4 км, орташа тереңдігі 1,6 м, көлемі 62,9 млн. м3. Су жиналатын алабы 190 мың км². Киров бөгені суымен 36,4 мың га шабындық көлдетіліп, 6,4 мың га жер тұрақты суғарылады және 260,0 мың га жайылым суландырылады.
Nearby cities:
Coordinates:   50°40'10"N   50°56'9"E
This article was last modified 4 жыл бұрын