Сарыалқа тауы

Kazakhstan / Sigis Kazakstan / Bolshenarymskoe /
 Upload a photo

Сарыалқа – Сарымсақты жотасының батыс бөлігіндегі тау массиві. Абсолюттік биіктігі 2931 м. Солтүстік-шығыстан оңтүстікке қарай 15 кмге созылған, енді жері 10 км. Беткейі тік, жоғарғы бөлігінен қарағанда суайрығы айқын байқалады, пішіні дөңгелек тəрізді келген. Тау гранит, тақтатас, құмтастардан түзілген. Батысынан Нарын, оңтүстік-шығысынан Путонная өзендері қар, мұздықтардан бастау алады. Таулы массивтің солтүстік беткейінде 1000-2300 м биіктікке дейін орман ағашы, ал солтүстік беткейінің төменгі бөлігінде жəне оңтүстік беткейінің альпілік белдеуіне дейін дала өсімдігі өседі.
Nearby cities:
Coordinates:   49°4'45"N   85°14'26"E
This article was last modified 4 жыл бұрын